Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыз айында еліміздің екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін

Опубликовано:

Тамызда біраз өңірде құрғақшылық болады
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алдын ала болжам бойынша тамыз айында еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық әрі жауын-шашын тапшылығы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Еліміздің ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тамыз айында елдің солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс пен орталығында (жекелеген аймақтарды қоспағанда) ылғал шарттары негізінен нормаға жақын болады.

"Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деген болжам бар. Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы болады", – делінген ресми хабарламада.

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше жауын-шашын мол түседі.

Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да жауын-шашын мол жауады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980644-tamyz-aiynda-elimizdin-eki-oblysynda-qurgaqsylyq-boluy-mumkin/

pixel