Елордада футбол алаңынан ер адамның денесі табылды
Опубликовано:

Елордада футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 26 шілде күні сағат 10:11-де "102" арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы қоңырау түскен.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Терренкур тоғанынан ер адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980655-elordada-futbol-alanynan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/