Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда балабақша тәрбиешісіне бала ұрғаны үшін айыппұл салынды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада маусым айының басында балаға қол көтерген балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты ресми сайтында хабарлады.

"Биыл 7 маусымда астаналық жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаға жеңіл дәрежедегі дене жарақаты деп бағаланған зақым келтірген", - делінген сот хабарламасында.

Аталған дерекке байланысты тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектор әкімшілік іс қозғап, тәрбиешінің әрекетін ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша саралаған.

Сот отырысында тәрбиеші өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді.

"Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот К.-ның асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын, жасаған әрекетіне өкінуін ескерді. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар ретінде кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыс жасауы ескерілді", - деп атап өтті соттың ресми сайты.

Аталған бап санкциясы бойынша 15 тәулікке қамауға алу немесе 15 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі жаза қарастырылған.

ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жүкті әйелдерді және он төрт жасқа толмаған балалары бар әйелдерді әкімшілік қамауға алу мүмкін емес. Алайда әйел кінәлі деп танылып, оған 15 АЕК (47 700 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980656-nur-sultanda-balabaqsa-tarbiesisine-bala-urgany-usin-aiyppul-salyndy/

pixel