Алматы облысында бірқатар ауыл мен округтің атауы өзгертілмек
Опубликовано:

Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының бірқатар ауылдық округ пен ауылдың атауын өзгерту туралы шешімінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Шешім "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңға және облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шығарылып отыр.
Әкімдік пен мәслихат ұсынып отырған атаулар:
- Іле ауданының Энергетический ауылдық округі "Өтеген батыр" атауы;
- Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы "Байкент" ауылдық округі және "Байкент ауылы атауы;
- Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы "Ақсай" ауылдық округі және "Ақсай" ауылы;
- Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы "Кенен Әзірбаев" ауылы;
- Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы "Жайнақ" ауылы;
- Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы "Жібек жолы" ауылы.
Құжат жобасы порталда бүгін, 28 шілдеде пайда болды. Қоғамдық талқылау ағымдағы жылдың 11 тамызына дейін жалғаспақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980665-almaty-oblysynda-birqatar-auyl-men-okrugtin-atauy-ozgertilmek/