Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Алматыда нөсер жауады

Опубликовано:

жаңбыр
Көрнекі фото: pixabay.com

30-31 шілде күндері Алматыда қатты жауын, бұршақ жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлайды қалалық ТЖД ресми Instagram парақшасында.

Алматы қаласы ТЖД тауға саяхаттаушыларға, қала қонақтарына дауылдық ескерту жариялады.

"Алматы қаласының тауларында 30 шілде күндіз және 31 шілдеде түнде кей жерлерде қатты жаңбыр, дауыл бұршақ жауып найзағай күтілетіні туралы хабарлаймыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды", - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жел күшейіп, республиканың кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал екенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ мамандар солтүстікте күндіз ауа температурасы төмендеп, бұл өз кезегінде елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал ететінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980689-demalys-kunderi-almatyda-noser-zauady/

pixel