Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да HERMES LTD қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықталды

Опубликовано:

Қаржы пирамидасы
Көрнекі фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында HERMES LTD қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) ресми Telegram каналында.

Ведомство мәліметінше, 2019-2022 жылдар аралығында HERMES LTD жобалары бойынша қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту негізінде халық қаражатын тарту арқылы қаржы пирамидасы ұйымдастырылған.

"Осылайша олар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз еткен", - делінген ҚМА хабарламасында.

Қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші бар, олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті Antares Limited қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі қарап жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980704-sqo-da-hermes-ltd-qarzy-piramidasyn-uiymdastyru-deregi-anyqtaldy/

pixel