Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми Telegram каналында.

Ведомство мәлім еткендей, департамент басшысының орынбасары қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылған.

"Сондай-ақ Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп ЖШС-не қатысты экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермеледі", - делінген агенттік хабарламасында.

Аталған үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980707-qyzylorda-oblysy-boiynsa-ekologiya-departamenti-bassysynyn-orynbasary-sottaldy/

pixel