Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есік қаласындағы атыс: Тағы екі күдікті ұсталды

Опубликовано:

кісен
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысының полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында Есік қаласында болған атысқа қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі күдікті алғашқы тәулік ішінде ұсталған. 1992 және 1999 жылы туған қалған екі күдіктіні қамауға алу шарасы 27 шілдеде жүргізілген.

"Күдіктілердің үшеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамауда. Жанжалда пайдаланылған атыс қаруы (помпалық бес зарядты мылтық) табылып тәркіленді және қылмыстық тергеу материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде қосылды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Құзырлы орган тергеу Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру", "Кісі өлтіруге оқталу" және "Қару қолдана отырып жасалған бұзақылық" баптары бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Есік қаласындағы атыстан екі адамның зардап шеккені хабарланған еді.

Кейінірек олардың бірі ауруханада көз жұмды.

25 шілдеде атысқа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980715-esik-qalasyndagy-atys-tagy-eki-kudikti-ustaldy/

pixel