Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда нөмірі де тіркеу куәлігі де бірдей екі көлік анықталды

Опубликовано:

нөмірі бірдей көліктер
Нөмірі бірдей көліктер. Фото: polisia.kz

Нөмірі де, тіркеу куәлігі де бірдей екі көлік алматылық полицейлердің назарын аударды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының назарына Nissan және Toyota Alphard көліктері іліккен.

Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятановтың айтуынша, нөмірі де, құжаты да бірдей екі көлік Армения Республикасында тіркелген.

Оларды елде Қазақстан азаматтары басқарып жүр. Көліктердің бірінің иесі яғни шағын автобус жүргізушісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына жолаушы тасымалдаумен айналысатын болып шықты. Ол көлікті бірнеше ай бұрын Батыс Қазақстан облысынан сатып алғанын айтады.

Болатбек Баятанов қазір бұл дерек Әуезов аудандық полиция басқармасында тіркелгенін атап өтті.

"Ол бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде аталған көлік жүргізушілерінің қайсысы "жалған" нөмірді пайдаланғаны белгілі болады. Одан әрі ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – дейді полиция өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980718-almatyda-nomiri-de-tirkeu-kualigi-de-birdei-eki-kolik-anyqtaldy/

pixel