Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылынан бастап алматылық оқушылар қандай түсті форма киеді

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жаңа оқу жылынан бастап алматылық оқушылар қою көк түсті форма киеді. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасы 2016 жылы бекітілген болатын. Пандемия кезінде оқушыларға еркін киінуге рұқсат бердік. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп формасын киеді, яғни – қою көк түсті форма", - дейді Ләззат Жылқыбаева.

Сонымен қатар ол ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайтынын атап өтті.

"Мектеп формасын ата-ана өзі таңдайды. Аяқ киімге келер болсақ, классикалық туфли киюге міндеттемейміз. Бала өзіне ыңғайлысын киеді", - дейді Ләззат Жылқыбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов те жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болады деген сауалға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980720-zana-oqu-zylynan-bastap-almatylyq-oqusylar-qandai-tusti-forma-kiedi/

pixel