Алматыда келіншек баласымен бірге тұрғын үйдің кіреберісінен бесік арба ұрлаған

Опубликовано:

Лифт
Видеодан кадр: polisia.kz

Бірнеше алматылық отбасының бесік арбасы жоғалып кетті. Тәртіп сақшылары оларды ұрлады деген күдікпен Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция қызметкерлері қолға түскен келіншектің ұрлықтың 8 жағдайына қатысы болуы мүмкін екенін жеткізді.

Олардың сөзінше, тізім әлі де өзгеруі ықтимал.

"Әйел бірнеше рет қылмыс жасау кезінде бейнебақылау камералары мен кішкентай қызынан да ұялмады", - деп толықтырды ішкі істер министрлігі.

Полицияның мәліметінше, ұрлық тұрғын үйдің кіреберісінде тіркелген. Қолды болғандардың арасында тек бесік арбалар ғана емес, сонымен қатар велосипедтер де бар.

Қазіргі уақытта полиция күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

"Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда",- деп атап өтті Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980766-almatyda-kelinsek-balasymen-birge-turgyn-uidin-kireberisinen-besik-arba-urlagan/