Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты (видео)

Опубликовано:

Бақытбек Есентаев
Бақытбек Есентаев. Фото: instagram.com/nagima.yessentayeva

Актриса, продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы оның қарындасы Нағима өзінің Instagram парақшасындағы Stories-те хабарлады.

Нағима Есентаева ағасының колония аумағынан шыққан сәтін видеоға түсірген. Кадрдан Бақытбекті бір топ жақындарының күтіп алғанын, түрме аумағынан кортежбен алып кеткенін байқауға болады

Айта кетейік, Есентаев сот үкімімен 9 жылға сотталған болатын. Ол 6 жылдан астам уақытын қатаң режимдегі колонияда өткізді.

Еске сала кетейік, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың қараша айында өзінің бұрынғы әйелі Баян Алагөзоваға пышақ жарақатын салғаны үшін сотталған болатын.

Шілде айының басында ол сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді.

Кейінірек, сот оның өтінішін қанағаттандырғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980776-baqytbek-esentaev-merziminen-buryn-bostandyqqa-syqty-video/

pixel