Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жанармай құю станциясы маңындағы жарылысқа байланысты тергеу басталды

Опубликовано:

Өскемендегі жанармай құю бекетіндегі жағдай
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өскемен қаласындағы жанармай құю станциясы маңындағы жарылысқа байланысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 28 шілде күні сағат 08.52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде орналасқан ЖҚС аумағында болған. Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысы жарылды.

Соның салдарынан 42 жастағы ер адам көз жұмып, 12 жастағы жеткіншектің денесін күйік шалды. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

"Қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен (Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның жасауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Тиісті сараптамалар тағайындалған", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде жанармай құю станциясы маңында жарылыс болып, 1 адам көз жұмғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980787-oskemende-zanarmai-quyu-stanciyasy-manyndagy-zarylysqa-bailanysty-tergeu-bastaldy/

pixel