"Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын": Алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды
Опубликовано:

Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау – 27 жастағы Ц. есімді азаматтың іс-әрекеті дәл осылай квалификацияланған.
"Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша 2 дерек тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілген. Күдікті интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесу туралы жалған хабарландырулар орналастырған.
Ақшаны алғаннан кейін ер адам жасырынып қалған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, Қылмыстық кодекстің 90-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ц. есімді азамат ұсталды. Ол ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды", – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980789-ontustik-koreyaga-zumysqa-turgyzamyn-almatylyqtardy-2-mln-tengege-aldap-ketken-er-adam-ustaldy/