Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызын қыдыртқысы келген": Көкшетауда жас жігіт неліктен көлік ұрлағанын түсіндірді

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

27 шілдеде түнде Көкшетау тұрғынының жеке үйінің ауласынан көлік ұрланды. Тәртіп сақшылары тез арада күдіктіні ұстаған. Қолға түскен жас жігіт бұндай әрекетке қызын қыдыртқысы келгендіктен барғанын айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 27 шілдеде түнгі сағат 02.13 шамасында Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түскен.

Ол 10 минут бұрын белгісіз біреу Вавилов көшесіндегі жеке үйінің ауласында тұрған "ВАЗ-2115" көлігін ұрлап кеткенін жеткізіпті.

Тәртіп сақшылары арнайы жоспар құрып, көлік туралы ақпаратты патрульдік полицияның барлық бөлімшесіне жіберген.

Іздестіру шаралары кезінде орган қызметкерлері жеке көлікті тауып, 19 жастағы күдіктіні ұстады.

Тәртіп сақшылары ұрланған көлік орманның жанынан табылғанын, оның мемлекеттік нөмірі алынып, жалғаны орнатылғанын хабарлады.

Ұсталған жігіттің сөзінше, ол қызын қыдырту үшін осындай қадамға барған. Бірақ жолда көлік өшіп қалған екен.

Күдіктіні тексеру кезінде сым мен бұрауыш табылған. Жігіт осы заттар арқылы көліктің есігін ашқан болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980800-qyzyn-qydyrtqysy-kelgen-koksetauda-zas-zigit-nelikten-kolik-urlaganyn-tusindirdi/

pixel