Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде нан қымбаттауы мүмкін бе: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Нан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай Қазақстанда жақын арада нан бағасы көтеріле ме деген сауалға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министрлік өкілі "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Жеңіс Өсербайдың айтуынша, Қазақстанда нан бағасының өсуіне алғышарттар жоқ. Ол биыл елімізде бидайдан мол өнім алу күтіліп отырғанын атап өткен.

"Ешқандай алғышарттар жоқ, өйткені биылғы жылы бидай мен дәнді дақылдардың түсімі өте жақсы болады деп күтілуде – 13 млн тоннадан астам өнім алынады деген болжам бар. Жалпы республикада 1,5 млн тонна қажеттілік бола тұра, үш млн тоннадан астам ұн өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі және Азық-түлік корпорациясы әлеуметтік тауар тобына жататын нанмен қамтамасыз етуде үлкен жұмыс атқаруда. Яғни нан бағасы 90 теңгеден 100 теңгеге дейінгі аралықта. Азық-түлік корпорациясы әлеуметтік нанмен өңірлерді қамтамасыз етеді.

Сондықтан бұл қауесеттер (бағаның қымбаттауы туралы – ред.) бидай бағасының көтерілуінен болуы мүмкін. Бірақ қазір көріп отырғанымыздай, баға төмендеуде.

Сонымен қатар Ресей Федерациясында да мол астық қамбаға түседі деп күтілуде, сондықтан бұл қауесеттер, былайша айтқанда негізсіз деп есептейміз", - деді вице-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980826-elimizde-nan-qymbattauy-mumkin-be-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel