Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласында арнайы операция өткізіп, есірткі арнасын жойды

Опубликовано:

ҰҚК арнайы операция өткізді
Фото: ҰҚК сайты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция ұйымдастырып, есірткінің ауқымды арнасын жойды, деп хабарлайды ҰҚК ресми сайты.

Ведомсвто дерегінше, 2022 жылғы 26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті "А" есімді елордалық тұрғынды ұстаған.

Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 келі "мефедрон", 1,4 келі "альфа-PVP" және 659 таблетка МДМА (экстази) тәркіленген.

"Тергеу есірткіні астананың орталығында жалдамалы пәтерде орап, интернет алаңы арқылы тұрақты түрде сатқанын анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.

Бұл бап 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қарсы жұмыстарды жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980845-uqk-nur-sultan-qalasynda-arnaiy-operaciya-otkizip-esirtki-arnasyn-zoidy/

pixel