Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзаққа созылған нөсерден кейін Степногорскіні су басты (видео)

Опубликовано:

суда қалған көліктер
Видеодан кадр: instagram.com/step.news

Ұзаққа созылған нөсерден кейін Степногорск қаласындағы көшелер мен базар аумағын су басты. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан тіпті, суда қалған көліктерді байқауға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі step.news парақшасында қала тұрғындары түсірген бірқатар видео пайда болды.

Автор нөсердан кейін азық-түлік базарындағы жағдай қиын екенін жазуда. Жаңбыр суы тіпті жабық аумақтарға да кіріп, даладағы дүңгіршектер толығымен су астында қалған.

Сондай-ақ желі қолданушылары жаңбыр кезінде жоғалған көліктің нөмірлерін де тауып алғанын хабарлауда.

Tengrinews-тің Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, қазір су басқан аймақтарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Одан бөлек қалада аулаларды тексеру бойынша жұмыс тобы құрылған. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980934-noser-zauynnan-keiin-stepnogorskini-su-basty-video/

pixel