Шымкентте жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті
Опубликовано:

Шымкентте жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға түскі сағат 15:36-да шамасында болған. Еңбекші ауданы Тоғыс елдімекені, Керуен сарай көшесі №169 үйдің жанында "Газель" жүк көлігі өртке оранған.
Ішіндегі құрылыс заттары мен көліктің құжаттары да түгелімен жанып кеткен.
"Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 9 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды", - делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981016-symkentte-zuk-koligi-zugimen-birge-zanyp-ketti/