Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Айбол Әбікен төрт жылға спорттан шеттетілді

Опубликовано:

Айбол Әбікен
Фото: Prosports.kz

Қазақстан құрамасы мен "Ақсу" футбол клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг сынамасының оң нәтижесіне байланысты төрт жылға спорттан шеттетілді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қазақстандық журналист Сергей Райлян Twitter парақшасына хабарлады.

"Айбол Әбікен допинг сынамасынан рұқсат етілмеген дәрумен (мельдоний) табылғандықтан 4 жылға дисквалификацияланды. Ол футболға 2026 жылы 29 сәуірден ерте орала алмайды, ол кезде спортшының жасы 30-ға жақындайды. Мансабы аяқталды ма?", – деп жазды Райлян.

Сондай-ақ, спортшының тегі қазақстандық допингке қарсы орталықтың ресми сайтында дисквалификацияланғандар тізімінде пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981046-futbolsy-aibol-abiken-tort-zylga-sporttan-settetildi/

pixel