Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Қазіргі уақытта 286 адам қамауда отыр

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ОКҚ-де өткен брифинг кезінде Бас прокуратураның өкілі Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, қазір 286 адам қамауда отырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мемлекеттік объектілерді өртеу, мүлікті жою, лаңкестік әрекеттер, әскери қызметкерлерге шабуыл жасау, тонау және т.б. фактілер бойынша 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

"Бүгінде барлық қылмыстық іс бойынша 286 күдікті қамауда отыр.

Олардың бүлік шығарып, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруын ұрлауға, мемлекеттік объектілер мен күштік ведомстволар қызметкерлеріне қарулы шабуылдарға белсенді қатысқандығы анықталды.

Қамауға алынған әрбір адам бойынша олардың қаңтар бүлігіне қатысы бары және ауыр қылмыстарға белсенді қатысқаны туралы жеткілікті мәліметтер бар", – деді арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейін 92 адамға нақты жаза кесілгенолар қаруды ұрлау мен сақтауға байланысты ауыр қылмыстар жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981184-qantar-oqigasy-qazirgi-uaqytta-286-adam-qamauda-otyr/

pixel