Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы жерасты суынан мұнай табылды

Опубликовано:

Ауыз су 1
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлдағы жерасты суының құрамында мұнай бар екені анықталды. Қазіргі уақытта экологтар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов растаған.

Оның сөзінше, көрсеткіштер мұнай өнімдері бар екенін дәлелдеген.

"Сонымен қатар санитарлық қорғау тарапынан өздері сынама алды. Олар қазір жұмыста. Одан кейін біз нәтижесін бірге алмастырып, ластауыш көзін тапқаннан кейін тиісті шара қолданылады", - деді Азамат Бектасов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұған дейін Петропавл төңірегіндегі Ромашка саяжай қоғамында жер астынан жанармайға ұқсас су шығып жатқанын бұған дейін жазған едік.

"Біз бұл ұңғыманы бес жылдан бері пайдаланып келеміз. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Қазір жанармай араласқан су монша мен құбырлардың ішінде толы. Егер қазір бұған от тисе, бірнеше саяжай лап ете түседі. Бізден 20 метр қашықтықта тұрған жанармай станциясы да жарылады", - дейді саяжай иесі Александр Черноморец.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981256-petropavldagy-zerasty-suynan-munai-tabyldy/

pixel