Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды аттракционындағы әйел өлімі: Айыпталушыға сот үкімі шықты

Опубликовано:

сот үкімі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағандыда салғырттығынан адам қаза тапқан роуп-джампинг инструкторы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Александр Музникас марқұмның жақындарына 6 миллион теңге моральдық шығын өтейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Александр Музникас Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ол қамауға алынғаннан осы үкім күшіне енгенше тергеу абақтысында отырған бір күні бір жарым күнге теңеліп, есептелсін", - деді судья Манат Жұмақаева.

Сот процесі кезінде Музникас өзіне тағылған айыппен келіспеген.

Адвокатының айтуынша, ол роуп-джампинг фирмасында ресми жұмыс істемеген. Сондықтан тағылған айыпты "абайсызда кісі өлтіру" бабына өзгертуді талап етті. Олар апелляциялық шағым дайындайтынын жеткізді.

Ал Ресейге қашып кеткен фирма директоры ұсталса, оның ісі жеке қаралмақ.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Айта кетейік, өткен жылдың 10-қазанында 33 жастағы Евгения Леонтьева 30 метрлік ғимараттан роуп-джампинг ережесімен секірген.

Бірақ оны ұстайтын қауіпсіздік арқанының бір басы бекітілмеген болып шықты. Ал инструктор соны тексермей, марқұмға секіруге белгі берген. Биіктен оңбай құлаған ол жансақтау бөліміне жетпей демі үзілген. Оның артында жары мен кәмелетке толмаған 3 баласы қалды.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981275-qaragandy-attrakcionyndagy-aiel-olimi-aiyptalusyga-sot-ukimi-syqty/

pixel