Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында тұрғындардың өтінішімен Осакаров ауданының атауы өзгертіледі

Опубликовано:

Осакаров
Фото: Facebook / Осакаров Ауданы Әкімінің Аппараты

Қарағанды облысының Осакаров ауданының атауы өзгертіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы "Сарыбел" тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген. Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға "Тұран" атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. Комиссия мүшелері мемлекеттік меншіктегі бірқатар объектілерге атау беру және қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді.

"Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады", - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981292-qaragandy-oblysynda-turgyndardyn-otinisimen-osakarov-audanynyn-atauy-ozgertiledi/

pixel