Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өңірлер "қызыл" аймаққа өткен жағдайда шектеу шаралары қалай қабылданатыны белгілі болды

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында өңірлер "қызыл" аймаққа кірген жағдайда шектеу шаралары қалай енгізілетінін айтты, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қызыл" аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданбақ.

Бірінші кезеңде - R саны 1-ден артық болғанда, яғни аурудың таралуы артқан уақытта және 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызу көрсеткіші 25-тен 50-ге дейін жеткенде бизнес шектеусіз жұмыс істейді. Осы орайда - міндетті түрде маска режимі ғимараттарда, көлікте қолданылады", - деді Ажар Ғиният.

Екінші кезеңде R-ға қарамастан, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда медициналық мекемеге жатқызу көрсеткіші 50-ден астам болған уақытта объектілерде Ashyq міндетті түрде пайдаланылады.

Іс-шараларды өткізуге байланысты бизнес объектілерінің толымдылығы 50 пайызға дейін шектелмек.

Одан бөлек мекеме қызметкерлерінің 30 пайызы қашықтан жұмыс істеуге ауысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981303-onirler-qyzyl-aimaqqa-otken-zagdaida-sekteu-saralary-qalai-qabyldanatyny-belgili-boldy/

pixel