Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Денсаулық сақтау министрлігі тамыз-қыркүйек айларына арналған болжам ұсынды

Опубликовано:

бетперде56
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрлер кабинетінің отырысында коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ажар Ғиният қазір елде өте тез жұғатын омикрон штамы таралып жатқанын атап өтті. Министрдің сөзінше, бұл штамды жұқтырған жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді.

"Вирустың ерекшелігін, денсаулық сақтау саласына түсетін ауыртпалықты, аурушаңдықты, сондай-ақ вирустың таралуын ескере отырып, министрлік әкімдіктермен бірлесіп таралу болжамын жасады. Болжамға сәйкес, тамыз айында орташа тәуліктік аурушаңдықтың артуы шамамен 4000 жағдайды құраса, қыркүйекте төмендейді деп болжануда", - деді Ажар Ғиният.

Айта кету керек, соңғы бірнеше күнде елімізде КВИ жұқтырғандар саны азаюда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981307-covid-19-densaulyq-saqtau-ministrligi-tamyz-qyrkuiek-ailaryna-arnalgan-bolzam-usyndy/

pixel