Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында есірткі заттарын жеткізу арнасының жолы кесілді (видео)

Опубликовано:

есірткі1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында полицейлер есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

30 шілдеде "Қарасора – 2022" жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тобыл қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Оның автокөлігін тексеру кезінде 40 келіден астам есірткі заты – марихуана мен гашиш тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде (Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Есірткі заттары
Фото: Polisia.kz

"30 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Қарасора  – 2022" жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Дружба ауылының маңында автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде машина салонында өсімдік заттары бар пакеттер орналасқан екі қорап табылды. Сараптама қораптарда 33 келі марихуана, 8 келі гашиш бар екенін анықталды. Жыл басынан бері бұл заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының ең ірі партиясы", – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Тергеу амалдарын одан әрі жүргізу барысында есірткі еліміздің оңтүстік өңірінен облысқа түскені анықталды. Нәтижесінде полиция аймаққа есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды. Есірткі сатушыны ұстау операциясы барысында қызметтік-іздестіру иттері қолданылды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981328-qostanai-oblysynda-esirtki-zattaryn-zetkizu-arnasynyn-zoly-kesildi-video/

pixel