Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бір ауданында ыстық су өшіріледі

Опубликовано:

су
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының Жетісу ауданындағы ғимараттардың кейбірі бір тәулікке ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, 3 тамыз күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Жетісу ауданындағы Серіков-Солтүстік айналым-Палладин-Жансүгіров көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су беру тоқтатылады.

"Инженерлік желілерді қайта құру кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтаудың уақытша схемасын монтаждау үшін шектеулер енгізіледі. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген кәсіпорын хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2-4 тамызда Алматының бірнеше ауданында суық су өшірілетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981329-almatynyn-bir-audanynda-ystyq-su-osiriledi/

pixel