ШҚО-да тағы бір әуежай пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Қатонқарағай өңірінде әуе айлағын салу жоспарлануда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті басылымның мәліметінше, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2018 жылдан бері облыста әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өткен.

Басқарма Семей мен Өскемендегі әуежайларды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді. Сондай-ақ жақында Үржардағы ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстары аяқталған.

"Қазір әуежайдың жарамдылық сертификатын алу жұмыстары жүріп жатыр. Түскен бойда әуе рейстері бірден қайта жалғасады", — дейді басқарма басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

Басылымның хабарлауынша, 2024 жылға қарай Зайсан әуежайын қайта құруды бастап, аяқтау жоспарланып отыр.

"Болашақта Катонқарағай ауданында әуежайдың құрылысы басталады", – деді жергілікті БАҚ-қа басқарма басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981330-sqo-da-tagy-bir-auezai-paida-boluy-mumkin/