Есентай өзенін көлігімен кешкен алматылықтың әрекеті жұрттың наразылығын тудырды
Опубликовано:

Желіде Алматыдағы Есентай өзенін кешіп бара жатқан көліктің видеосы тарады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Көптің талқысына түскен видео Instagram әлеуметтік желісіндегі almaty_kris_p тобында жариялады.
Бейнероликтен өзенді көлігімен кешіп бара жатқан жүргізушінің айқайын естуге болады.
Бұны көрген алматылықтар өз наразылығын білдірді.
Олар Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановты белгілеп, көлік жүргізушісін жазалауды талап етті.
"Тексеру 01.08.2022 жылы тағайындалды. Шара қабылдаймыз", - деп жазды Әбдірахманов.
Сонымен қатар Алматы қалалық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне көлік жүргізушісін іздеп жатқанын хабарлады.
"Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы аталған факті бойынша тексеру шараларын бастады. Видеодағы көлік жүргізушісі жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Бұның хайп мақсатында жасалғанын жоққа шығармаймыз", - деп хабарлады полиция.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981338-esentai-ozenin-koligimen-kesken-almatylyqtyn-areketi-zurttyn-narazylygyn-tudyrdy/