Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар соты қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысқандарды колонияға жіберді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Павлодарда қаңтар оқиғасына қатысқан алты адамға сот үкімі шықты. Олардың барлығы кінәлі деп танылды, бірақ сотталғандардың екеуі ғана нақты мерзім алды, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының ресми сайты.

Сот анықтағандай, 2022 жылдың 5 қаңтарында Павлодар қаласында К. Павлодар облысы әкімдігінің ғимараты алдында қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, сотталушылар Д. және Б.-мен бірге қаланың өзге тұрғындарын тәртіпсіздікке шақырған.

Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздікке Б., Е., А., С. қатысқан, Е. полиция қызметкеріне қатысты күш қолданған.

Қ.-ның және жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде облыс әкімдігінің ғимаратына 2 131 168 теңге, "Т" ЖШС-не - 227 200 теңге, жәбірленуші А.-ға - 456 346 теңге мүліктік залал келтірілген.

"Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық айғақтармен, бейнежазбалармен және сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.

Прокурор жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы К.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, қалғанына қатысу дәрежесіне қарай бас бостандығынан айыруды, шартты түрде соттауды және бас бостандығын шектеуді тағайындауды сұраған.

Барлық сотталушы кінәсін мойындаған.

Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін және сотталушылардың жеке басын ескере отырып, сот:

К.-ға 6 жыл бас бостандығынан айыру,

Б.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру,

Е., А. және С.-ға 3 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру, Д.-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981371-pavlodar-soty-qantarda-tartipsizdikterge-qatysqandardy-koloniyaga-ziberdi/

pixel