Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есіміңіз кім": астаналық тұрғын полиция ұстап жатқан кезде қызға "қырындауға" тырысқан

Опубликовано:

Полицияға қарамай, қызбен таныспақшы
Видеодан кадр: T.me/qumash_kz

Желіде қолын артқа қайырып, полиция ұстап жатқан жас жігіттің ерекше видеосы тарауда. Кадрда ол полиция қолына кісен салып жатқанына қарамастан өтіп бара жатқан қызбен танысуға тырысады. Бұл оқиғаға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Видео Qumash Telegram арнасында жарияланды. Видеодағы кадрда төрт полицейдің жас жігітті қалай кісендеп алып кеткені көрсетілген. Сол сәтте ол бейтаныс қыздан не болып жатқанын видеоға түсіруді сұрайды.

Ұсталған азамат қызды ұнатып қалғанын мойындап, атын сұрайды.

"Қарындас, видеоға түсіріңізші, өтінемін. Өте сұлу екенсіз. Мен сіздің инстаграмыңызды аламын. Сіз маған ұнап қалдыңыз, есіміңіз кім?" – дейді ол.

Оқиға 1 тамыз күні Нұр-Сұлтанда болған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жігіттің төбелескені үшін ұсталғанын түсіндірді.

"Сағат 05:37-де Қосшығұлұлы көшесінің бойындағы үйдің ауласында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Оларды ұстау кезінде тәртіп бұзушылардың біреуі полиция бөліміне барудан бас тартты, сондықтан қауіпсіздік мақсатында полицейлер арнайы құрал қолданды", – деп түсіндірді полиция оқиғаға қатысты.

Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981377-esiminiz-kim-astanalyq-turgyn-policiya-ustap-zatqan-kezde-qyzga-qyryndauga-tyrysqan/

pixel