Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған алматылық сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласында досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу барысында ер адам туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келгені анықталды.

Үйдегілер ұйықтап жатқан уақытта, қонақ бөлмеде досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған.

Қыздың көмекке шақырған даусын әкесі мен ағасы естіп, сұмдықтың алдын алған.

"Олар тәртіп сақшыларын шақырып, күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға мүмкіндік берді. Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің, куәгерлердің және күдіктінің мойындауымен бірге, Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлауға оқталу") бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды", - делінген хабарламада.

Алатау аудандық полиция басқармасының тергеушісі жинаған дәлелдемелер сотта шешім қабылдау үшін жеткілікті деп танылған.

"Алатау аудандық сотының үкімімен айыпталушыға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981421-dosynyn-kameletke-tolmagan-qyzyn-zorlamaq-bolgan-almatylyq-sottaldy/

pixel