Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауады: Синоптиктердің болжамы
Опубликовано:

Бүгін, 3 тамызда Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында күн ашық болады деп күтілде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.
- Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алайда ауа температурасы +29 және +31 градусты көрсетеді деп күтіліп отыр. Мегаполисте желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды, найзағай кезінде оның жылдамдығы 13 м/с-қа дейін баруы мүмкін.
- Мамандар Нұр-Сұлтан қаласында күн ашық болады деп болжап отыр. Бұнда термометр бағаны +23 және + 25 градусты көрсетеді. Синоптиктердің дерегінше, елордада желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді.
- Шымкентте Алматы қаласындай найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал. Еліміздің үшінші мегаполисінде ауа температурасы +31...+33 градусты көрсетеді. Синоптиктер екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел болуы мүмкін екенін алға тартып, қала тұрғындарына ескерту жасайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981455-almaty-men-symkentte-zanbyr-zauady-sinoptikterdin-bolzamy/