Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Egov порталының жұмысында ақау пайда болды

Опубликовано:

egov.kz
Көрнекі фото: NUR.KZ

"Электронды үкімет" порталының жұмысында олқылықтар байқалды. Осыған байланысты қазір халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердегі кей қызметтер қолжетімсіз, деп хабарлайды eGov.kz порталының ресми Telegram арнасы.

Қазіргі уақытта eGov.kz порталының, "Ашық үкімет" порталының, eGov мобильді қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасының құрамдас бөліктерінің дұрыс жұмыс істемеуі байқалады.

Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде халыққа қызмет көрсету қолжетімсіз болып отыр.

"Қазіргі таңда аталған порталдардың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру күтілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981507-egov-portalynyn-zumysynda-aqau-paida-boldy/

pixel