Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде дизель отынына сараланған баға енгізу жоспарлануда

Опубликовано:

Дизель отыны
Көрнекі сурет: pixabay.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-де өткен брифингте елімізде дизель отыны тапшылығы мәселесін шешу қалай жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Энергетика министрі ведомствоға транзиттік көлік пен шекара периметрі бойынша сараланған бағаларды белгілеу арқылы дизель отыны тапшылығына жол бермеу міндеті жүктелгенін еске салды.

"Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстанға күніне шамамен 4,5 мыңдай жүк көлігі кіреді, оның 70 пайызға жуығы шетелдік көлік. Қазақстандағы жанар-жағармай құю станцияларындағы төмен бағалардың әсерінен орташа айлық тұтыну шамамен 120 мың тоннаға артады.

Қазіргі таңда министрлік дизель отынының бағасын саралауды қарастыратын бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар транспорттың резиденттігіне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланады", - деді министр.

Министр бұл бағыттағы жұмысты тиісті мемлекеттік органдар мен тараптар жалғастыратынына сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981549-elimizde-dizel-otynyna-saralangan-baga-engizu-zosparlanuda/

pixel