"Қатты жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер 4-6 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәулікте елдің оңтүстік жартысында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ алдағы тәуліктерде солтүстік аймақтарда құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі, ал түнде салқын болуы мүмкін.
Мамандардың мәліметіне сүйенсек, орталықта, шығыста және елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын сақталады, ал таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Яғни күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел соғуы ықтимал.
Ауа температурасының негізгі аясы:
- күндіз батыста +28 +34°С,
- оңтүстік-батыста +30 +38°С,
- солтүстік-батыста +25 +33°С,
- солтүстікте, шығыста +22 +28°С,
- орталықта +20 +25°С,
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +28 +35°С шегінде,
- тауларға жақын аумақта +22°С болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981567-qatty-zel-turyp-bursaq-zauuy-mumkin-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/