Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының тұрғынынан 69 келі есірткі тәркіленді (видео)

Опубликовано:

Есірткімен ұсталған азамат
Видеодан кадр: Polisia.kz

Жамбыл облысында тұрғыннан 69 келі марихуана есірткісі тәркіленді. Ол "Қарасора-2022" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ұсталған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, елді мекенге жақын құмды аймақта қарасора жинаумен айналысқан Тасөткел ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады.

Нәтижесінде салмағы шамамен 69 келі қарасора есірткі заты табылды. Тиісті сараптамалық қорытынды алынды. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Өткізу мақсатында есірткі құралдарын жинау бойынша айыбы дәлелденген жағдайда, күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қойтөриев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981578-zambyl-oblysynyn-turgynynan-69-keli-esirtki-tarkilendi-video/

pixel