Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 23 кәсіпкер бизнеске арналған грантты той жасап, несие жабуға жұмсаған

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте 23 кәсіпкер 1 225 000 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантты той өткізу мен несие жабуға жұмсаған. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады, деп жазады Otyrar.tv.

Айта кету керек, қайтарымсыз грант тек кәсіпті дамытуға беріледі. Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, бұл маңызды шартты Шымкентте 23 адам бұзғаны анықталған.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі Балмаржан Нарбекованың сөзінше, олар 1 миллион теңгеден астам ақшаны үйлену тойын, құдалық өткізуге және несие жабуға жұмсаған. Грант шартын бұзғандар жауапқа тартылып, қаражат қазынаға қайтарылған.

"Қарыз, несиелерді өтеуге, үйлену тойына ақша алуға болмайды. 1 млн 225 мың теңге бизнесті дамытуға және қызметкерлерді жалдау үшін беріледі. Бұдан былай ереже бекітілді: біз әр тоқсан сайын есеп беруді талап етеміз. Сондықтан осыған жауапкершілікпен қарауды сұраймыз", - дейді Балмаржан Нарбекова.

Телеарна атап өткендей, 2022 жылы Шымкент қаласының 1 150 тұрғыны өз бизнесін дамыту үшін мемлекеттен қаржылай көмек ала алады. Грант алу шарттарын жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында түсіндіруге дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981580-symkentte-23-kasipker-bizneske-arnalgan-grantty-toi-zasap-nesie-zabuga-zumsagan/

pixel