Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында браконьерлікпен айналысты деген күдікпен Испания азаматтары ұсталды

Опубликовано:

Мылтық ұстаған ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өз ресми сайтында сібір тау текелерін заңсыз аулаған үш күдікті ұсталғанын хабарлады.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 2 тамыз кешкі сағат 19:30 шамасында Жоңғар-Алатау паркінің  мемлекеттік инспекторлары кезекті рейд барысында, Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік салонындағы Қазақстан азаматы және екі испаниялық ұсталған.

Көлікті тінту барысында жүк салу бөлігінен сібір тау текесінің екі дана басы, терісі және екі қапқа салынған салмағы 60-62 келі еті, сондай-ақ екі шет ел азаматына тиесілі екі қару құралы тәркіленді.

Аталған факті бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981620-zetisu-oblysynda-brakonerlikpen-ainalysty-degen-kudikpen-ispaniya-azamattary-ustaldy/

pixel