Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Egov.kz жұмысы ішінара қалыпқа келтірілді

Опубликовано:

egov.kz
Көрнекі фото: NUR.KZ

Egov.kz электрондық үкімет порталы мен eGov mobile мобильдік қосымшасы компоненттерінің жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар "АҚ Қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

ҰАТ түсіндіргендей, бүгін мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылымындағы ақаудың салдарынан жекелеген мемлекеттік деректер қоры мен электрондық үкімет компоненттерінің қолжетімсіздігі байқалған.

Қазіргі уақытта электрондық үкімет компоненттерінің, оның ішінде eGov.kz порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және негізгі мемлекеттік деректер базасының жұмысы қалпына келтірілді.

Компанияның басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"ҰАТ" АҚ қызметкерлері Электрондық үкімет компоненттері мен мемлекеттік деректер қорының жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті жұмысты жүргізді. Ақауларға байланысты талдау жүргізілуде.

Электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы ретінде тіркелетінін атап өткім келеді. Жан-жақты талдау қорытындылары бойынша болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін шаралар қабылданады. Өз кезегінде уақытша қолайсыздықтар үшін пайдаланушылардан кешірім сұраймыз", - деді ол.

ҰАТ мәліметінше, қазіргі уақытта компания мамандары сервистердің жұмысқа қабілеттілігін толық қалпына келтіру бойынша жұмыс істеуде және оны жақын арада аяқтау жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981622-egovkz-zumysy-isinara-qalypqa-keltirildi/

pixel