Батыс Қазақстанда ГАЗель автокөлігінің түгі қалмай жанып кетті
Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында ГАЗель автокөлігі түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 3 тамыз күні Теректі ауданы аумағында Федоров-Ақсай жолының 30-шақырымында болды.
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, сағат 16:57-де Придорожный ауылы маңында ГАЗель автокөлігі отқа оранды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам (1 техника) жұмылдырылып, "тілсіз жау" сағат 18:00-де ауыздықталды. Адамдар аман.
"Жыл басынан бері облыс аумағында 59 автокөлік (өткен жылы осы мерзімде – 50) өртеніп кетті. Мұның негізгі себебі – электр сымдары мен жабдықтарының қысқа тұйықталуы, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы", - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ер адамның 7 жастағы інісімен Жайық өзеніне батып кеткенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981626-batys-qazaqstanda-gazel-avtokoliginin-tugi-qalmai-zanyp-ketti/