Павлодар облысында ауыл әкімі желіде өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді

Опубликовано:

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі. Көрнекі сурет: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Павлодар облысы Павлодар ауданында ауыл әкімі әлеуметтік желіде ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер жазғаны үшін жерлестерін сотқа берген. Ол моральдық зиян ретінде екі адамнан 500 мың теңгеден өтемақы талап етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz басылымы.

Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкийдің айтуынша, Instagram парақшаларының бірінде ол "өзінің досына 18 гектар жер рәсімдеді" деген видео пайда болған.

Видео авторы шағым бойынша бұл учаскенің тексерілгенін, сондай-ақ бейнежазбаны аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, прокуратураға және облыс әкіміне жолдайтынын айтады. Автор егер мәселе шешілмесе, президентке жүгінуге ниетті екенін де қоса кеткен.

Алайда басылымның хабарлауынша, ауылдық округтің басшысы таралған ақпаратты жоққа шығарған.

Сондай-ақ әкім "Депутатқа сұрақ" WhatsApp-чатында ауыл әкімінің атына құрметсіздік танытатын сөздер айтылған дыбыстық хабарлама таратқан ер адамнан моральдық зиян тигізгені үшін өтемақы өндіріп алуды талап еткен.

Виталий Брукций сотқа жолдаған арызда Instagram және WhatsApp топтарында таратылған өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ екі жауапкерден бұл ақпаратты жоққа шығаруды міндеттеуді сұраған.

Қазіргі уақытта жауапкерлердің біріне қатысты іс Павлодар қалалық сотында қаралып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981701-pavlodar-oblysynda-auyl-akimi-zelide-ozine-til-tigizgenderdi-sotqa-berdi/

jitsu gif