Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді

Опубликовано:

Көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласында 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медиа-порталдың мәліметінше, Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша алдын алу шараларын іске асыруда.

Арнайы операцияның нәтижесі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында Шымкент қаласындағы ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстанда заңсыз есепке қою схемасының жолын кескен.

Басылым қалалық полиция департаментінің Процессинг орталығының екі қызметкері соттың санкциясымен қамауға алынғанын жеткізді.

Сондай-ақ Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілгені атап өтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981730-symkentte-50-den-astam-kolikti-zansyz-tirkeudin-zoly-kesildi/

pixel