Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Розыбакиев көшесі уақытша жабылады

Опубликовано:

Розыбакиев көшесі уақытша жабылады
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматыда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Розыбакиев көшесінің екі учаскесі уақытша жабылады. Бұл туралы "Алматы әкімдігінің жаңалықтары" ресми Telegram-арнасында хабарланды.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 4 тамыз күні сағат 23:00 мен 5 тамыз сағат 6:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Левитан көшесінен Байқадамов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

5 тамыз күні сағат 23:00 мен 6 тамыз сағат 06:00 аралығында аталған көшенің Байқадамов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.

Әкімшілікте түсіндіріп өткендей, аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981740-almatydagy-rozybakiev-kosesi-uaqytsa-zabylady/

pixel