Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта қалпына келтірілді

Опубликовано:

Халыққа қызмет көрсету орталығы
Халыққа қызмет көрсету орталығы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы EGOV.KZ порталының ресми Телеграм-каналы хабарлады.

"ҰАТ" акционерлік қоғамының қызметкерлері электрондық үкімет компоненттерінің, оның ішінде eGov.kz порталының, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильдік қосымшасының және негізгі мемлекеттік деректер қорының (ЖТ МДҚ, ЗТ және тағы басқасы) жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірді. Сонымен қатар, ХҚКО-ларда, мамандандырылған ХҚКО-ларда және ЕДБ-де мемлекеттік қызметтер көрсету қолжетімді", - делінген хабарламада.

Ақауға байланысты алдағы бірнеше күнде пайдаланушылардың үлкен ағынының күтілетіні ескертіліп отыр.

"Осы жағдайға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз және шыдамдылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981745-xalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalyqtarynyn-qyzmeti-qaita-qalpyna-keltirildi/

pixel