Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күзетші жоқ": Ақтөбе облысында 17 миллион теңгеге салынған саябақ қараусыз қирап жатыр (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысында 17 миллионға салынған саябақ қирап жатыр
Аудан орталығындағы саябақ: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында 17 миллион теңгеге салынған саябақ адам көргісіз күйге түскен. Ауыл тұрғындары миллиондаған қаржы құйылған демалыс орнына әкімдіктің салғырт-салақ қарап отырғанын айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, ұсқыны кетіп, кафелі түсіп, үгітіліп жатқан субұрқақтың іске қосылмағанына да біраз болған. Ал саябақ ішіндегі отырғыштар аударылып, төңкеріліп жатыр.

Аудан әкімдігінің айтуынша, бұл саябақ он жыл бұрын пайдалануға беріліпті.

“Бұл Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2012 жылы пайдалануға берілген саябақ. Жоба құны 17 миллион теңгеге шықты. Қарауылкелді округінің балансына берілген. Бірақ саябақта арнайы бекітілген күзетші жоқ. Саябақты белгісіз адамдар бүлдіріп кеткен.

Алдағы уақытта бұл саябақты мәдениет үйінің балансына беріп, 4 күзетші штатын ашу жоспарда бар. Субұрқақ істен шықпаған, жұмыс істейді. Болашақта ол жерге этно-ауыл көрінісін беру жоспарда бар”, - дейді Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Әсет Жеткізгенов.

Ақтөбе облысында 17 миллионға салынған саябақ қирап жатыр
Саябақтағы субұрқақтың қазіргі кейпі: KAZ.NUR.KZ

Байғанин ауданын бірнеше жылдан бері Қайрат Отаров басқарып отыр.

Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981748-kuzetsi-zoq-aqtobe-oblysynda-17-million-tengege-salyngan-sayabaq-qarausyz-qirap-zatyr-foto/

pixel