Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру жағдайы тіркелді ме: министр жауап берді

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру жағдайы анықталды ма, сондай-ақ инфекция жұқтырған науқасты қалай емдейді?" деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды

Ажар Ғиният елімізде маймыл шешегін анықтайтын 1300 сынама бар екенін хабарлады.

"Бұл - айрықша диагностика. Маймыл шешегін жұқтырды деп сезіктенген науқастан айрықша сынама арқылы вирусты анықтау мүмкіндігіміз бар.

Бүгінде бізде аталған инфекцияға ұқсас жағдайлар тіркелген жоқ. Алайда ұқсас симтомдары бар науқастарды бақылайтын боламыз. Біз әлі сынаманы қолданып көрмедік - вирустың классикалық көрінісі елімізде тіркелмеген", - деді ол.

Осы орайда министр инфекция жұқтырған науқасты дәрігерлер қалай емдейтінін де сөз етті.

Оның айтуынша, бұл симптоматикалық, яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нұсқауы бойынша жүргізілмек

"Бүгінті таңда ғалымдар және аталған инфекция таралып жатқан елдер, негізінен келесі симптомдар жайлы айтып жүр: интоксикация, лимфа түйіндерінің реакция жасауы, бөртпе белгісі. Симптомдар бойынша ем жүргізіледі.

Бүгінгі таңда кейбір елдер вирусқа қарсы тәжірибелік препаратты зерттеп жатыр. Біз де оны зерттеп жатырмыз. Оның клиникалық сынақтан өтуі маңызды. Клиникалық сынақтар сәтті өтсе (шамамен - препарат), оны маймыл шешегін емдеу хаттамасына ұсынамыз”, - деді Ажар Ғиният.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981777-qazaqstanda-maimyl-sesegin-zuqtyru-zagdaiy-tirkeldi-me-ministr-zauap-berdi/

pixel