Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың өршуіне байланысты мектепте шектеулер енгізіле ме: Ажар Ғиният пікір білдірді

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: Ақорда

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "жаңа оқу жылы қашықтықтан басталуы мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғиният жыл басынан бері 6 мыңнан астам бала коронавирус жұқтырғанын, бүгінде 423 бала ауырып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар олардың 21 пайызында ауру жеңіл, 77 пайызында орташа және 0,7 пайызында ауыр түрде өтіп жатыр. Яғни қазіргі уақытта 3 бала жансақтау бөлімінде.

"КВИ жағдайларының 30-40 пайызында балалар ауырады. Балаларда тек КВИ ғана емес, сонымен қатар басқа инфекциялар да ауыр өтеді, тез таралады. Балаларда сепсис, шок түріндегі ауыр асқынулар байқалады. Сондықтан біз олардың денсаулығына көп көңіл бөлеміз.

Шектеу шаралары болашақта балалар арасында КВИ жағдайының таралу деңгейіне, оның ауырлығына, балалардың денсаулығына тигізетін зияндығына байланысты болмақ. Бәрі елімізде оқу жылының басында қандай эпидемиологиялық жағдайдың болатынына, қандай шаралар қабылданатынына байланысты", - деп түсіндірді денсаулық сақтау министрі.

Ажар Ғиният егер қыркүйек айында КВИ жағдайының өсуі дәл бүгінгідей болса, ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынатынын жеткізді.

"Оқу жылы қалай басталады, эпидемиологиялық жағдайға және қай аймақта орналасқанына байланысты тиісті шешімдер қабылданады", - деп сөзін қорытындылады министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981782-koronavirustyn-orsuine-bailanysty-mektepte-sekteuler-engizile-me-azar-giniyat-pikir-bildirdi/

pixel