Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізіне шомылуға түскен үш жігіт батып кетті

Опубликовано:

шомылу
Оқиға орнынан фото: Lada.kz

Кеше, 3 тамызда Каспий теңізінің жағалауында қайғылы жағдай болды. Суға түскен үш ер адам батып кетті.

Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті растады. "Лада" мәліметінше, оқиға Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан 36 шақырым жерде болған.

"Дунга" мұнай компаниясының сорғы станциясы маңында үш адам суға батып кетті. Жергілікті тұрғындар 1991 жылы туған ер адамды алып шықты, ол ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - деді ведомство.

Кейінірек құтқарушылар 1991 және 1987 жылы туған тағы екі ер адамның денесін алып шықты. Олар жабдықталмаған жерде шомылып, суға батып кеткен.

Құтқарушылар азаматтарды суға түскен кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981791-kaspii-tenizine-somyluga-tusken-us-zigit-batyp-ketti/

pixel